Жаңалықтар

Қатерлі ісікке шалдыққан Кейт Миддлтон мәлімдеме жасады

Қатерлі ісікке шалдыққан Кейт Миддлтон мәлімдеме жасады
Фото: Instagram/princeandprincessofwales 15.06.2024 13:48 565

Уэльск ханшайымы Кэтрин қатерлі ісікке шалдықты деген ақпарат таралғалы көпшіліктің көзіне түспей жүрген. 14 маусым күні ол қолдау білдіріп жатқан жандарға алғысын жеткізіп, өз міндеттеріне оралып жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кейт Миддлтон өзінің тәуір болып қалғанын, патшаның құрметіне орай ұйымдастырылатын шеруге қатысатынын алға тартты.

Химиотерапиядан өткен кез келген адам бір күннің бір күнге ұқсамайтынын жақсы біледі. Бір күні сіз өзіңізді әлсіз, шаршаңқы сезінсеңіз, екінші күні күшіңіз толықсығандай болып, бар шаруаны бітіріп тастағыңыз келіп тұрады, – деп жазды ханшайым әлеуметтік желідегі парақшада.

Ол бар уақыты мен назарын денсаулығына арнап жатқанын да тілге тиек етті.

Әр күнді қалай бар, солай қабылдауды үйрендім, денеме құлақ асып, осы маңызды күндерді айығуға жұмсап жатырмын. Алда әлі ұзақ жол бар, - деп қосты ол.

Естеріңізде болса, наурыз айында 42 жастағы Уэльск ханшайымы видеомәлімдеме жасап, қатерлі ісікке шалдыққанын хабарлаған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға