Жаңалықтар

«Қателік әр адамда болады. Менде де бар». Ерболат Досаев халықпен кездесудегі іс-әрекетіне қатысты жауап берді

«Қателік әр адамда болады. Менде де бар». Ерболат Досаев халықпен кездесудегі іс-әрекетіне қатысты жауап берді
Фото: © ОКҚ 21.12.2023 14:10 1374

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатынында журналистер Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтан халықпен кездесуіндегі әрекетіне қатысты сауал қойды. Әлеуметтік желіде жиі сыналатын әкім бұл әрекетіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Сұрақ қоюға келген халыққа зекіп, ұрсып тастайтын кездеріңіз көп. Президент Тоқаевтың өзі халықтың алдында сіз секілді өктем сөйлемейді. Неге халықпен кездескенде өктем сөйлейсіз, ұрсып бересіз? Бұл мемлекеттік қызметшіге тән бе?», деп сұрады тілші.

Ерболат Досаев мұндай сауалдар өткен жылдан бастап көтеріліп жатқанын айтты.

Халықпен бірінші кездесулерде эмоция көп болды. Өздеріңіз білетіндей, кездесулер 5-6 сағатқа созылатын. Ал тұрғындарға ұрсуға келетін болсақ, youtube-та бәрі тұр. Қарап шығыңыздар. Қай жерде кімге ұрсыппын? Даусым көтеріліп жатса, оларды шыдамды болуға шақырғаным. Олар оны тыңдамағаннан кейін бізде тірі адамбыз. Бұл бұрынғы жағдай. Керек болса кездесулерге келіңіз. Тыңдаңыздар. Көріңіздер. Қателік әр адамда болады. Менде де бар, – деді Ерболат Досаев.

Еске сала кетейік, Ерболат Досаев Алматыға әкім болып сайланғалы тұрғындар әкімнің қызметіне риза емес. Тіпті олар «орнын босатсын» деген петицияға қол қойған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға