Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжанға мемлекеттік сапары басталды
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
11.03.2024 13:31
Фото:
t.me/aqorda_resmi
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайда Қазақстан Президентін Әзербайжан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эюбов пен Сыртқы істер министрінің орынбасары Самир Шарифов қарсы алды.

