Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
19.02.2025 16:15
1163
Әл-Хусейния сарайында Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен келген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәртебелі мейманның құрметіне сарай алдындағы алаңда Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Әскери оркестр Қазақстан мен Иорданияның мемлекеттік әнұрандарын орындады.
Құрмет қарауылы ротасы бастығының рапортынан кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Шизофрениясы бар адамдарға көмектесуіміз керек - психиатр
Келесі жаңалық
Қазақстан мен ЕО стратегиялық серіктестікті нығайтады