Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Анкараға барды
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
16.03.2023 09:04
987
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Анкараға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сапар барысында Мемлекет басшысы Түркия Президентімен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.
Осыған дейін 16 наурызда Түркия астынасында Түркі мемлекеттері ұйымының СІМ басшылары кездесетіні хабарланды.
Сондай-ақ Президенттің Анкараға жұмыс сапарымен баратыны мәлім болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Араб компаниясы Қазақстанда кәріз-тазарту жүйелерін салады