Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
02.09.2024 21:06
Фото:
Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент То Ламды Вьетнам Социалистік Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Президенті өз жеделхатында Вьетнамның өркендеген мемлекет және үйлесімді қоғам құру жолында айтарлықтай жетістікке жеткенін атап өтті. Мемлекет басшысы екі ел арасында өзара сенім мен серіктестікке негізделген достық байланыс орнағанына тоқталды. Сонымен қатар елдеріміздің игілігі жолында нәтижелі ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бейілді екенін растады.Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Вьетнам халқына бақ-береке тіледі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

