Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
07.07.2024 09:31
Фото:
t.me/aqorda_resmi
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күніне орай Х парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық домбыра күні құтты болсын! Бұл мерекенің қазақ руханияты үшін мән-маңызы зор. Қастерлі аспап дала өркениетінің ажырамас бөлігіне айналды. Төл мәдениетіміздің құнды қазынасын сақтау – баршамыздың парызымыз. Домбыра төрден түспесін! – деп жазды Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, Ұлттық домбыра күні - 2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісі қазақтың төл аспбының күні ретіне тойланып келеді.

