Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға барады

05.08.2024 17:33

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекеттер басшылары қазақ-түрікмен қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанына назар аударып, Қазақстан Президентінің биыл күзде Түрікменстанға жоспарланған сапарының дайындық барысын талқылады.

Әңгімелесу барысында көлік-логистика, энергетика, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңызды екені атап өтілді.