Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті қарсы алды
07.08.2024 20:41
Фото:
t.me/aqorda_resmi
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы ротасы сап түзеп тұрды.
Сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

