Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Отан қорғаушы күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Сіздерді Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – тек әскери қызметшілер үшін ғана емес, баршамызға ортақ қастерлі мереке. Елін қорғау – әрбір азаматтың перзенттік парызы. Туған жерге деген шексіз сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі.Мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін арттыру – негізгі стратегиялық мақсатымыздың бірі. Қазақстан армиясы кез келген жағдайда мемлекетімізді қорғауға дайын болуы керек. Қарулы Күштеріміз еліміздің егемендігі мен тұтастығының және халқымыздың мызғымас бірлігі мен жарқын болашағының кепілі болып қала береді, - деді Мемлекет басшысы құттықтауында.
Сонымен бірге, әскери міндетін атқарып жүрген сарбаздардың ел тыныштығы үшін атқаратын маңызына тоқталды.
Бүгінде жауынгерлеріміз батыр бабаларымыздың даңқты жолын жалғастырып, ел тыныштығын қырағылықпен күзетіп тұр. Олардың қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы қалтқысыз қызметі – өскелең ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге. Өздеріне жүктелген міндетті мінсіз атқарып, антына адалдық танытып жүрген барлық сарбаздарға шынайы ризашылығымды білдіремін. Армиямыздың айбыны асқақтай берсін! Еліміздің іргесі әрдайым берік болсын!Әскери қызметшілерге, ардагерлерге және барша отандастарымызға зор денсаулық, қажымас қайрат пен бақ-береке тілеймін, - деп жазылған Қ.Тоқаевтың құттықтауында.