Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бас хатшы БҰҰ өңірлік орталығына барды
03.08.2025 15:17
Фото:
Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бас хатшы Антониу Гутерриш Алматы қаласындағы БҰҰ өңірлік орталығына барды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мемлекет басшысы мен БҰҰ Бас хатшысы Қазақстан Үкіметі мен Ұйым арасында БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құру туралы келісімге қол қою рәсіміне қатысты.

