Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королімен телефон арқылы сөйлесті
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
23.03.2023 16:19
921
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі II Абдалла бен Хусейнмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен Хусейнмен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекеттер басшылары бір-бірін барша мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын Рамазан айының басталуымен құттықтады, - делінген Ақорданың хабарламасында.
Сондай-ақ екі елдің басшылары Қазақстан мен Иордания арасындағы қарым-қатынас перспективаларын талқылап, тұрақты байланысты жалғастыру жөнінде уағдаласты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Төрт облыста қар еріп, өзен суы тасуы мүмкін