Қасым-Жомарт Тоқаев француз халқын ұлттық мейрамымен құттықтады
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
14.07.2023 09:01
Фото:
t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Франция Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронды және барша француз халқын Францияның ұлттық мейрамы – Бастилияны алу күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Франция арасындағы сенімді саяси диалог пен өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастыққа негізделген стратегиялық серіктестіктің нығайып келе жатқанын атап өтті.

