Aqorda

Қасым-Жомарт Тоқаев Францияға мемлекеттік сапармен барды

04.11.2024 21:49

Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Республикасына мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат  агенттігі Ақордадның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Париж әуежайында Қазақстан Президентін Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро қарсы алды.

Ертең Елисей сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция Президенті Эмманюэль Макрон келіссөз жүргізеді.