Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының көмекшісін қабылдады
Фото: ҚР Президентінің баспасөз қызметі
Фото: ҚР Президентінің баспасөз қызметі
17.04.2023 13:10
853
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчаны қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақорданың мәліметінше, кездесу барысында Қазақстан мен БҰҰ арасындағы нақты іс-әрекеттердің маңызды бағыттары, соның ішінде Орталық Азия бойынша Превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталық аясындағы мәселелер талқыланды.
Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстанның орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның өңірлік орталығын ашу перспективаларына ерекше назар аударылды.
Мирослав Енча Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастық деңгейіне, сондай-ақ елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға жоғары баға берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға