Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Байзақ ауданындағы Көктал орта мектебіне барды

Бұл туралы Ақорда мәлім етті
Қасым-Жомарт Тоқаев Байзақ ауданындағы Көктал орта мектебіне барды
Фото: Ақорда 03.02.2023 16:53 2042

Қасым-Жомарт Тоқаев Байзақ ауданында жаңадан ашылған Көктал орта мектебіне барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мектеп материалдық-техникалық жағынан толық жабдықталған:  32 оқу кабинеті, 4 компьютер кабинеті, 2 лингофон кабинеті, 1 роботтехника кабинеті, 1 спорт залы, шеберханасы, кітапханасы, медициналық пункті және асханасы бар. Мектепте маңайдағы ауылдардан қатынап оқитын балалар үшін көлік тасымалы ұйымдастырылған.

2023-2025 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Жамбыл облысында 9500 орындық 13 мектеп салу жоспарланып отыр. Оның сегізі келесі жылы пайдалануға берілуге тиіс.

Жалпы, Президенттің тапсырмасымен 2023-2025 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында республика бойынша 800 мың оқушыға арналған 400-ден астам мектеп салынады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға