Жаңалықтар

Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде көрме өтеді

2022 жылдың 16 қараша күні Суретшілер одағының кезекті ХІХ көрмесі болмақ
Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде көрме өтеді
Фото: gmirk 14.11.2022 00:25 2603

2022 жылдың 16 қараша күні, сағат 16.00 Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының кезекті ХІХ съезі қарсаңына арналған есеп беру көрмесі өтеді, деп хабарлайды  El.kz  Ә.Қастеев атындағы өнер музейінің инстаграм парақшасына  сілтеме жасап. 

Көрмеде Қазақстан өңірінен: Астана, Қарағанды, Павлодар, Көкшетау, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Өскемен, Тараз, Шымкент, Алматы, Алматы облысы суретшілері қатысып отыр.

Экспозицияда 150-ден астам кескіндеме, графика, мүсін, гобелен, керамика, киіз, кесте өнерінен шығармашылық туындылар орын алады. Суретшілер қазақ кәсіби өнерінің өркендеуіне және жаңа қырынан таныту мәселесінде өзіндік креативті идеяларын көрермендерге паш етеді.

Сонымен қатар, көрмедегі әрбір туынды - еліміздің рухын, болмысын, туған жердің маңыздылығын баяндай келе, әсерлі сезімге , терең ойға жетілетін және өткен сарын мен бүгінгі ақиқатты терең түсіруге мүмкіндік береді

Көрме жетекшісі: Жуваниязова Гулнар, Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің педагогикасы және жобалау қызметі бөлімінің меңгерушісі. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға