Қаскелеңде таксистер «Яндекс» қосымшасына қарсы наразылық акциясын өткізді
Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
18.05.2023 16:44
771
Алматы облысының Қаскелең қаласында таксистер наразылық акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көлік жүргізушілері «Яндекс» қосымшасына наразы.
Шаһардағы Бөгенбайұлы көшесіндегі Мәдениет үйінің жанына 100 шақты адам жиналған. Олар комиссия құнының өсуіне қарсы және қосымшаны жасаушылардан «кепілдендірілген бонустар» тармағын қайтаруды сұрайды.
Наразы топтың айтуынша, біраз уақыт бұрын бонустарды себепсізден себепсіз алып тастаған. Сондықтан олар кірісінің айтарлықтай бөлігінен айырылған.
Жиналғандар мұның митинг емес, көпшіліктің назарын аудару үшін ұйымдастырылған бейбіт жиналыс екенін айтады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодардағы екі ірі кәсіпорынға өнеркәсіптік тур ашылды