Жаңалықтар

Қашықтыққа жүгіру, ұзындыққа секіру: Ауыл тұрғындарының физикалық дайындығы жоғары

Қашықтыққа жүгіру, ұзындыққа секіру: Ауыл тұрғындарының физикалық дайындығы жоғары
Фото: bassport.kz 24.03.2023 14:40 1629

Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру дайындығының президенттік тестілерін тапсыруға 4 миллионнан астам адам қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

111 мыңнан астам адам Президенттік деңгейдегі нормативтерден жоғары көрсеткішті орындады. Олардың жартысынан көбі (57 мыңы) ауылдық жерлердің тұрғындары. Ұлттық деңгей нормативін 207 мың адам (112 мың адам — ауыл тұрғыны) бағындырды. Бастапқы тесттен 470 мың адам өтті (210 мыңы ауыл тұрғыны).

Президенттік тестке жақын және алыс қашықтыққа жүгіру, ұзындыққа секіру, кермеге тартылу және басқа да жаттығулар кіреді.

Президенттік тест - бұл сіздің физикалық дайындығыңызды тексеруге жақсы мүмкіндік және оны жақсартуға қосымша мотивация. Әрине, біз болашақта мейлінше көп адамды қамтуды мақсат етіп отырмыз», - деді ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға