Жаңалықтар

Қашып жүрген Күдебаевтың Түркияда қашан ұстайды деп күткені таңқалатын жағдай – депутат

Қашып жүрген Күдебаевтың Түркияда қашан ұстайды деп күткені таңқалатын жағдай –  депутат
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 27.04.2023 14:05 2124

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи бүгін Түркияда ұсталып, елге жеткізілген Серік Күдебаевтың ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қашып жүрген Күдебаевтың Түркияда мені қашан ұстайды деп, күтіп отырғаны таң қаларлық жағдай, - дейді Ермұрат Бәпи.

Сондай-ақ ол Қаңтар жұмбағы әлі ашылмаған деді.

Қаңтардың жұмбағы жабылған жоқ. Негізі ашылмаған да болатын.  Қаңтар жұмбағы – қанды тақырып, қасіретті тақырып. Қаңтар қазақ үшін бөлек тақырып. Бұл тақырыптың жауабы егер алдағы қоғамдық, мемлекеттік комиссия құрылып, Қаңтар оқиғасына талдау жасап, содан кейін саяси баға берілген жағдайда ғана тақырып жабылатын шығар, - деді депутат.

Сондай-ақ Ермұрат Бәпи Ұлттық қауіпсіздік комитеті мүшесі ретінде Қаңтар шындығын ашуға сұрау салатынын айтты. Қаңтар оқиғасының қалай өткені туралы ақпараттарды жариялауға қатысты депутаттық сауал жолдау туралы тоқталды.

Құпиялығы ашуға мүмкіндік болатын жағдай болса, сұрау салып көремін, - деді Бәпи.

Айта кетейік, Серік Күдебаев 23-24 наурыз күндері Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өтіп, Бішкекке арқылы Түркияға жол тартқан. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов Күдебаев тау арқылы қашуы мүмкін деген болжам айтқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға