Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеме жасады
Фото: baq.kz
Фото: baq.kz
24.10.2022 10:14
2249
Қаржылық мониторинг агенттігі әлеуметтік желідегі ақпарат туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz
«Әлеуметтік желілерде және түрлі БАҚ-та Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкері Е.Д.Нұрғазы есімді азаматты полиция ұстағаны туралы жаңалық жарияланған. Тараған хабарда одан тапанша табылғаны айтылады. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.
Нұрғазы Е.Д. қаржылық мониторинг органдарының қызметкері болмаған және қазіргі уақытта бізде мұндай қызметкер жұмыс істемейді», деп мәлім етті агенттік.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
24 қазанға арналған ауа райы болжамы