Қаржы пирамидасына алданған салымшыларға 123 млн теңге қайтарылды
Фото: stopfake.kz
Фото: stopfake.kz
07.11.2022 10:02
1217
Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізген жұмыстардың нәтижесінде «B2B Jewelry» қаржылық пирамидасының 197 салымшысына 123 миллион теңге қайтарылды, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаменті «B2B Jewelry» зергерлік дүкендер желісінің атын жамылған қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастыруға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
«Сот үкімімен қаржы пирамидасын ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, ол 5 жыл мерзімге қаржылық қызметпен айналысу құқығынан айырумен 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды», - деп жазды ведомстводан.
Қылмыстың қалған сыбайластарына қатысты сотқа дейінгі іс жүргізу аяқталуға жақын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға