Қаржы пирамидасын құрған адамның анасы қараусыз қалды
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
Mudarabah Capital компаниясының бас директоры Руслан Буркановтың анасы қарттар үйіне түсіп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол 2021 жылы қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша тұтқындалды.
Руслан Бурканов – анасының жалғыз ұлы. Қазір анасы мемлекет қамқорлығында, яғни қарттар үйінде тұрады. Себебі зардап шеккендердің шығынын өтеу үшін қорғаушым пәтерін сатуға мәжбүр болды, - деді Буркановтың адвокаты Анар Катебаева.
Салымшылар мен компания арасында делдал болған Руслан Astex-ке 160 адамды әкелгенін айтқан. Сондай-ақ аталмыш қаржы пирамидасының ісі бойынша танымал вайнерлер Мейірхан Шерниязов пен Мейіржан Төребаев 5 жылға сотталды.

