Сарыарқа самалы

Қаржы пирамидаларын қалай ажыратуға болады?

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы пирамидаларының негізгі белгілерін атап, алаяқтықтан қорғану бойынша практикалық кеңестер ұсынды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Төмендегі нұсқауларды есте сақтаңыз - олар сізге қаржы схемаға қатысу қаупін азайтуға көмектеседі.

Пирамида белгілері

  • Қатысу үшін бастапқы жарна немесе «инвестиция» талап етеді.
  • Нарық жағдайынан тым жоғары тұрақты табысқа кепілдік береді.
  • Әлеуметтік желілерде немесе мессенджерлерде қарқынды жарнама жүргізеді.
  • Жаңа қатысушыларды тартуға бонустар мен «серіктестік» ұсынылады.
  • Компанияның нақты қызметі, есептері мен лицензиялары туралы ашық ақпарат жоқ.
  • Қаржы нарығын реттейтін органдар берген рұқсаттар мен лицензиялары жоқ.

Негізгі қағида

Пирамиданың табысы негізінен жаңа қатысушылардың енгізген қаражаты есебінен төленеді. Бастапқы қаржыландыру тоқтаған сәтте төлемдер менаратылып, жоба ұйымдастырушылары жоғалып кетуі мүмкін.

Қалай сақтану керек — практикалық кеңестер

  • Кез келген инвестициялық ұсынысты ресми құжаттармен және лицензиямен тексеріңіз.
  • Тым тартымды пайда уәде еткен жобалардан сақтаныңыз — «артық табыс» жиі алаяқтық белгісі.
  • Тексерілмеген сілтемелер мен жарнамалар арқылы шақырған жобаларға ақшалай аударым жасамаңыз.
  • Құжаттарды мұқият оқып, қайтару шарттары мен трансферт шектеулеріне назар аударыңыз.
  • Қаржы жөніндегі тәуелсіз сарапшылармен немесе агенттіктермен кеңесіңіз.
  • Егер күмән келсе — аударымды кейінге қалдырыңыз және ресми тіркелімдерді тексеріңіз.

Құқықтық жауапкершілік

Қазақстанда қаржы пирамидаларын ұйымдастыру және оларға қатысу — қылмыс. ҚР ҚК-нің 217-бабы бойынша қатаң жаза қарастырылған: айыппұлдан бастап, мүлікті тәркілеу, белгілі қызметтерді атқаруға тыйым салу және 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін.