Қаржы мониторинг агенттігінің WhatsApp-боты іске қосылды
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
22.05.2025 12:50
Фото:
Видеодан кадр
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет», сондай-ақ ашықтық, айқындық және ақпараттың қолжетімділігі қағидаттарын іске асыру мақсатында азаматтар үшін WhatsApp-бот іске қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
WhatsApp-боттың мақсаты — қаржылық мониторинг органдарына жүгінетін азаматтардың жиі қойылатын сұрақтарына жедел жауап беру.
Енді әрбір азамат:
- консультация ала алады,
- нормативтік-құқықтық актілермен таныса алады,

- мемлекеттік қызметтер көрсететін мобильді қосымшалар мен сервистерге қол жеткізе алады,

- сондай-ақ уәкілетті органдардың өзекті байланыс деректерін ала алады.

Ол үшін 8 701 000 1458 нөміріне хабарлама жіберу жеткілікті.

