Жаңалықтар

Қаржы министрі Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті

Қаржы министрі Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті
Фото: Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі 05.10.2024 05:31 104

Қаржы министрі Мәди Такиев Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша өңірлік директоры Асад Аламмен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесуде министр кейінгі жылдары Қазақстан мен Дүниежүзілік банктің арасында экономикалық мәселелердің кең ауқымын қамтитын берік және жемісті ынтымақтастық қалыптасқанын атап өтті. Сондай-ақ ведомство басшысы қаржы институтына инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қолғабыс етіп, қолдау көрсеткені үшін ризашылығын жеткізді.

Тараптар мемлекеттік реформалар бағдарламаларын, оның ішінде жаңа Салық кодексін әзірлеп, енгізу жолдарын, сондай-ақ салықтық әкімшілендіруді жетілдіру бойынша грант беру мәселесін талқылады. Бұдан бөлек екі жақ 2024-2025 жылдары мемлекеттік шығыстар мен қаржылық есептілікті (PEFA) бағалауды жүргізуге келісті. Бұл мемлекеттік қаржы жүйесін басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттырып, тұтастай еліміздің инвестициялық тартымдылығын нығайтуға оң әсерін тигізеді.

Айта кетсек, кездесуге Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Андрей Михнев пен Дүниежүзілік банктің басқа да экономистері қатысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға