Жаңалықтар

Қаржы министрі: Биыл «Семей орманы» резерватына 6 млрд теңге бөлінген

Қаржы министрі: Биыл «Семей орманы» резерватына 6 млрд теңге бөлінген
Фото: t.me/KZgovernment 13.06.2023 12:27 1119

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «Семей орманы» резерватына биыл 6 млрд теңге бөлінгенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол Үкімет кулуарында айтты.

Қаржыны игермеу барлық салада тіркеліп жатыр. Бұл жерде арнайы комиссия анықтауы керек. Жан-жақты қарауы керек. Неге игерілмеді? Неге техника жетіспеді? Себебі тек «Семей орманы» резерватының өзіне биыл 6 млрд теңгеге жуық қаражат қарастырылған болатын. Қазір оны сараптау керек. Неге ол қаржы дер кезінде жетпеді? Қандай кемшіліктер болды? Оны комиссия анықтайды, - деді ол.

Жамаубаев қазіргі таңда орман өрті Қазақстанда ғана емес, дүниежүзіндегі ауқымды мәселе болып отырғанын айтты.

Былтыр Түркияда өрт болып, дүниежүзі көмек көрсетті. Бар мүмкіндік жасалып жатыр. Бізге неге өзге елдер көмектеспей жатыр деген сұраққа жауап бере алмаймын. Онымен құзырлы орган айналысуы керек. Шығын да өрт аяқталған соң белгілі болады. Қажет болған жағдайда, Үкіметтің резерві мен жергілікті атқарушы органдардың резерві бар, - деді Ерұлан Жамаубаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға