«Қарыз блогерлер»: комитет мәлімдеме жасады

Фото: El.kz коллажы
Фото: El.kz коллажы
20.02.2025 12:17
603
Мемлекеттік кірістер комитеті блогерлер мен олардың желіде тараған табысына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство желідегі деректердің ресми құжат емес екендігін және салықтық тексерістерге еш қатысы жоқтығын алға тартты.
Әлеуметтік желілерде таратылатын тізім салық бақылауы жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органының актісі емес, – деп мәлімдеді комитет.
Дегенмен блогерлердің табыстарына қатысты құпия мәліметтің желіде қалай тарап кеткені әзірге белгісіз.
Естеріңізде болса, бұған дейін салық берешегі бар Қазақстандағы танымал өнер иелері мен блогерлердің тізімі жарияланды.

Алдыңғы жаңалық
Cоңғы 2 жылдың ішінде 80 ауыл жойылды - Жигули Дайрабаев
Келесі жаңалық
Туға қатысты дау: никаб киген қазақстандықтар жазаланды