Жаңалықтар

Қарулы күштердегі әлімжеттік қылмыс саны 28%-ға төмендеді – Қорғаныс министрлігі

Қарулы күштердегі әлімжеттік қылмыс саны 28%-ға төмендеді – Қорғаныс министрлігі
Фото: © El.kz 20.09.2024 16:33 213

Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, генерал-майор Шайх Хасан Жазықбаев айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Шайх Хасан Жазықбаевтың сөзінше, бейбіт уақытта әскери қызметшілердің шығыны жауынгерлік емес шығын деп аталады. Кез келген оқиға бойынша мұқият тексеру жүргізіліп, әскери басқару органдарының басшыларына қатаң тәртіптік және кадрлық шешімдер қабылданады.

Бірақ бұл жерде біз қандай да бір шара қабылдасақ та, бәрі қызмет ететін адамға байланысты екенін түсіну керек. Әскерге шақыртылған азаматтар қазірдің өзінде қалыптасқан дүниетаныммен және отбасында, мектепте, достарының арасында алған тәрбиесімен келеді. Мұндай жағдайларда барлық шаралар мен тыйымдар дәрменсіз, - деді вице-министр.

Вице-министрдің дерегінше, Қарулы күштердегі әлімжеттік қатынастар негізінде жасалған қылмыстар саны үш жыл ішінде 28%-ға төмендеді.

2021 жылғы 32-ден 2023 жылы 23-ке дейін. Барлығы 12 әскери қызметші сотталды (2021 – 5, 2022 – 3, 2023 – 4). Биыл жарғылық емес қатынастардың 13 фактісі тіркелді. Бұл статистика жыл сайын төмендеп келе жатыр. Меніңше, өз жұмысымызды құқық бұзушылық саны бойынша емес, жауынгерлік даярлық, Қарулы күштердің әзірлігін қамтамасыз ету міндеттілігін орындау сапасы бойынша бағалауымыз керек, - деді ол.

Жазықбаев Қарулы күштерде болған әр жағдай еш жасырусыз, Қорғаныс министрлігінің қадағалауымен шаралар қолданылатынын атап өтті.

Қарулы күштерде болған әрбір жағдай бойынша шаралар қолданылады. Арнайы комиссиялар құрылып, Қазақстанның қай шетінде болсын, 3-4 сағатта жетіп, қызметтік тексеру жүргізіледі және процессуалдық шешім қабылдау үшін ІІМ құзырындағы органдарға беріледі, - деді вице-министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға