Жаңалықтар

Қарулы күштер қатарындағы нәзік жандылар

Қарулы күштер қатарындағы нәзік жандылар
Фото: agenda-u.org 05.03.2023 11:00 1073

Қазақтың батыр қыздарының қатары күн санап артып келеді. Әлеуметтік желілерден талай батыл қадамға барған қара көз қыздардың істерін көріп жатамыз. Кезінде ерлермен қатар соғысқа шыққан батыр қыздарды айтып таң қалатын  болсақ, бүгінде әскери қызметтегі арулар талайды таңдандыруда. 

Қатал тәртіп пен пәрменді бұйрыққа бағынатын жүйеге әйел тұрмақ ер адамдар да шыдай бермейді. Дегенмен қарулы күштер қатарында өз міндетін бұлжытпай орындап, қару асынып, техника басқарып жүргендер жетерлік. 25 жыл әскерде жүрген Анаргүл Әкебиева Жетіген кентінде 20709 әскери бөлімінде міндетін абыроймен атқарып келеді.

«Өздігінен жүретін ату қондырғысын басқарамын. Бұл жұмысты қиын дегеннен гөрі қызық деп айтар едім. Әрине мұның бәрі тәжірибемен келді. Бастапқыда зейнеттік зымыранның операторы болып, кейін оқу-жаттығуларға қатысуға деген ынтам артып, техника басқару дәрежесіне көтерілдім. Жылда жауынгерлік жаттығуларда алдыңғы қатарда келе жатырмын. Өмірде екінші рет мамандық таңдауға мүмкіндік туса да, осы қызметті таңдар едім»,- дейді ол.

Ел тыныштығы мен отбасы ынтымақтастығын бірдей алып жүрген нәзік жан құрмет орденінің иегері де атанып үлгерген. Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербетіп отырған аруларымыздың абыройын асқақтатып тұрған батыл қадамдары еш ұмытылмасы анық. Анаргүлдей әпкесінің жолын қуған Гүлнұр Асамбайда жарылғыш заттарды іздеуде халық тыныштығы үшін тынбай жұмыс істеуде.

Қайсар мінез, сабырлылық пен төзімділік  жоғары кәсіби кинологтың негізгі критерийлері болып табылады. Қызметтік иттермен жұмыс жасау, қылмыстық іс ашу немесе жарылғыш заттарға бірінші бару сынды психо-эмоционалдық тұрғыда ауыр мамандықтардың бір болса дағы Гүлнұр Қуандыққызы бес жыл кинологиялық қызмет орталығының инспектор кинологі полиция кіші лейтенанты қызметінде.

«Бала кезімнен ішкі істер органында жұмыс істеу арман болатын. Қызығушылығым өсе келе  кинологиялық қызметте орнықтым. Жұмыстың оңайы жоқ, тәжірибе жинай келе нағыз маманға айналасың», - дейді Гүлнұр Асамбай.

Қарулы күштер қатарындағы нәзік жандылар

- Қатардағы ер адамдармен жұмыс істеу қиынға соқпады ма?

- Барлығы дерлік отбасылы адамдар болғандықтан аса қиын боламады. Жұмыс пен тәртіпті теңдей үйретті. Әрине ол кісілермен бірдей жұмыс істеу қиындау, уақыт өте бейімделіп кеттік.

- Отбасыңыз бұл мамандықты таңдауыңызға қарсы болмады ма? Жұмысыңыз қауіпті ме?

- Мен екі линия бойынша жұмыс жасаймын. Бірі жарылғыш заттарды іздеу болса, екіншісі одоралогиялық бағыттар бойынша қызметтерді атқарамын. Отбасым қарсы болмады. Себебі үлкен ағам да әскери қызметкер болғандықтан, бәрі қолдады. Соның арқасында меніңде өзіме деген сенімділігім арта түсті.

- Не дегенмен нәзік жансыз қорқыныш сезімі бар ма?

- Әрине, үлкен жауапкершілікті алғаннан кейін әрбір жұмысты ойлана келе істеу керек. Біздің қолымызда бір адам ғана емес қаншама халықтың тағдыры тұр. Бір олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қорғауымыз қажет.

Ел тыныштығын күзетіп, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген әйелдер үлкен құрметке лайықты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға