Жаңалықтар

Қарулы күштер дабыл бойынша көтерілді

Қарулы күштер дабыл бойынша көтерілді
Фото: Қорғаныс министрлігі 06.06.2024 22:34 270

6 маусымда Қарулы күштердің барлық түрлерінің, әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың, құрамалардың, әскери бөлімдер мен мекемелердің жеке құрамы жауынгерлік дайындық сабақтарын өткізу шеңберінде дабылмен көтерілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қарулы күштердегі осы іс-шаралардан дәстүрлі түрде жазғы оқу кезеңі басталады. Ол 1 маусымда басталып, 2024 жылдың 31 қазанында аяқталады.

Тұрақты орналасу пункттерінде, полигондарда, әуеайлақтарында, бастапқы позицияларда және теңізде жүктелген жауынгерлік міндеттерді орындауға дайындық мәселелері және әрбір әскери қызметшінің іс-қимыл тәртібі іс жүзінде пысықталады.

Техниканың шығуымен және белгіленген орындарда басқару пунктерін өрістетумен жаттығулар мен сабақтар өткізіледі.

Әскерлердің ықтимал қауіптерге ден қою қабілеті, құрамалар мен әскери бөлімдердің арасындағы түраралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру деңгейі тексеріледі.

Өткізілетін іс-шаралар әскери басқару органдары жұмысының үйлесімділігін арттыруға, басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ жеке құрамның практикалық дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға