Жаңалықтар

Қаруды ерікті түрде тапсырғандарға қомақты қаржы төленеді

Қаруды ерікті түрде тапсырғандарға қомақты қаржы төленеді
Фото: Pixabay.com 13.04.2023 14:00 1036

Алматы облысында атыс қаруын ерікті түрде тапсыру акциясы басталды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Заңсыз сақталып келген атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды полицияға ерікті түрде тапсыру акциясы басталды. Қаруды өз еркімен тапсырғандар жауапкершілікке тартылмайды, керісінше, ақшалай сыйақы алады. Алматы облысының тұрғындары ол үшін тұрғылықты жері бойынша кез келген аумақтық полиция органына жүгіне алады.

Ерікті түрде тапсырылған қару үшін төлем сомасы оның түріне, техникалық жағдайына байланысты және әр бірлік үшін 6-100 айлық есептік көрсеткіш (1 АЕК – 3450 теңге) аралығында жасалады. Мысалға, иір ойықты автомат қаруын тапсырған азамат әрбір бірлігі үшін 100 АЕК-ке дейін ала алады. Осындай соманың тең жартысы шолақ мылтықтар мен карабиндер үшін төленуі мүмкін», - делінген Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарламасында.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға