Жаңалықтар

«Қарттарға көмек, тегін такси»: Алматылықтар жер сілкінісінде бір-біріне қалай қолдау көрсетті?

«Қарттарға көмек, тегін такси»: Алматылықтар жер сілкінісінде бір-біріне қалай қолдау көрсетті?
Фото: Facebook 23.01.2024 13:00 1594

23 қаңтар 2024 сағат 00:09-де  Алматыда жер сілкінісі тіркелді. Қуаты шамамен 6,2 баллды құрайтын зіл-зала жергілікті тұрғындарды біраз әбігерге салды. Алматы облысының ТЖ қызметі шұғыл режимде жұмыс істеді. Ал бұл уақытта алматылықтар бір-біріне қалай қолдау көрсетті. El.kz ақпарат агенттігі қайырымды жандар жайлы  шолу жасаған болатын.

Дереу дайындалған қауіпсіз орындар

Алматыдағы зілзала кезінде 11 мың адам арнайы қауіпсіз орында түнеп шықты. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаевтың айтуынша, тұрғындар қауіпсіз 384 нысанда түнеп шыққан. Олардың, 229-ы мектеп және 115-і балабақша. Cоның барлығы сейсмикалық жағынан тұрақты. Түнде сол жерде күзет жұмыс істеді. Бір жарым сағат ішінде мектеп қызметкерлері нысандарға келіп, халықты қабылдаған.

«Қарттарға көмек, тегін такси»: Алматылықтар жер сілкінісінде бір-біріне қалай қолдау көрсетті?

Фото: gov.kz

Халыққа көмектескен полицейлер

Алматыда полиция әжей мен оның төрт немересіне көмектесткен. Полицияның мәліметінше, жер сілкінісінен кейін Шұғыла ықшамауданының тұрғыны төрт кішкентай немересін тез арада киіндіріп, көшеге жүгіріп шыққан. Белгілі болғандай, әйел үйінен алыстап кеткен. Кішкентай балаларымен үйіне қайта оралу оған қиын болған. Тәртіп сақшылары әжей мен оның немерелерін үйіне аман-есен жеткізген.

Одан бөлек, Алматының Алатау ауданында полиция қызметкерлері шетелдіктер отбасына қабылдау пунктінде (182 орта мектеп) орналасуға көмектескен. Олар, қарбаласта үйден жалаңаяқ жүгіріп шыққан.

«Қарттарға көмек, тегін такси»: Алматылықтар жер сілкінісінде бір-біріне қалай қолдау көрсетті?

 Фото: polisia.kz

Таксисттер де қалыс қалмады

Жер сілкінісі болған уақытта пайда көздеп, қалтасын қалыңдатқысы келгендер болғаны рас. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушылары бірнеше мәрте жазып, суреттерімен бөлісті. Алайда, халықтың жағдайын ойлап, тегін қызмет көрсеткен азаматтар да болған. Тұрғындардың айтуынша, дүмпу кезінде, оларды жеткізумен айналысқан бірнеше ерікті көлік жүргізушілері айналысқан.

«Қарттарға көмек, тегін такси»: Алматылықтар жер сілкінісінде бір-біріне қалай қолдау көрсетті?

Фото: әлеуметтік желіден

Кітапханашылар да еріктілерге қосылып, ерік-жігерін көрсетті

Алматы қаласы Жамбыл атындағы кітапхана қызметкерлері апатқа байланысты уақыттың ыңғайсыздығына қарамастан жергілікті тұрғындарға уақытша баспанамен көмектесті. Жер сілкінген уақытта пана іздеген алматылықтарға дер кезінде қол ұшын созып, оларды сабыр сақтауға шақырған.

«Қарттарға көмек, тегін такси»: Алматылықтар жер сілкінісінде бір-біріне қалай қолдау көрсетті?

Фото: Коллаж El.kz

Айта кетейік, Алматыдағы жер сілкінісі салдарынан 44 адам медициналық көмекке жүгінген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға