Жаңалықтар

Қарды уақытылы тазаламаған компания айыппұл төлейтін болды

Қарды уақытылы тазаламаған компания айыппұл төлейтін болды
Фото: 24.kz 08.02.2024 07:34 680

Қарағанды облысында жолды уақытында тазаламағаны үшін жауапты компания басшылары мен лауазымды тұлғаларға 5 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Себебі жол апаты жиілеп кеткен. Өткен бір айда жолда 13 адам опат болды. Полицейлер жол учаскелерін тұрақты түрде тексеріп, бақылауды күшейтті. Мысалы, бір ғана «Екатеринбург-Алматы» тас жолында қауіпті 10 учаске анықталған. Соңғы 2 айда жолдың тазалығына жауапты 80-нен астам лауазымды және заңды тұлғаға айыппұл салынған. Оның ішінде 4 ауыл әкімі мен «ҚазАвтоЖол» мекемесінің басшылары да бар.

ЖКО көп болуы себебінің бірі осы жолдың дұрыс тазаланбауы. Міне, мысалы, мына жерде жол әлдеқайда кең тазартылуы тиіс. Бірақ техника тапшылығы салдарынан дұрыс тазаланбаған. Сондықтан біз алдымен ескертіп, сосын кемшілік жойылмаса әкімшілік хаттама толтырып, айыппұл салуға мәжбүр боламыз,  - дейді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманғали Исмағұлов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға