Жаңалықтар

Қарашығанақ кен орнында газды кері айдаудың бесінші компрессоры іске қосылды

Қарашығанақ кен орнында газды кері айдаудың бесінші компрессоры іске қосылды
Фото: Энергетика министрлігі 07.09.2024 16:12 471

Энергетика вице-министрі Жамауов Әлібек Қарашығанақ кен орнында газды кері айдаудың бесінші компрессорын іске қосу рәсіміне қатысты. Аталған шараға сонымен қатар «PSA» ЖШС бас директоры Ізбастин Бекет және «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Балықбаев Руслан және жоба акционерлері қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, мұнай және газ өндіру бойынша әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі Қарашығанақ елдің энергетика саласында шешуші рөл атқарады. Жаңа компрессорды пайдалануға енгізу газды қабатқа қайта айдау көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Өндіру деңгейін ұстап тұруға және кен орны жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Вице-министр жобаның жоспарланған мерзімнен бұрын аяқталғанына назар аударып, Қарашығанақ жобасы мердігерлерінің, «PSA» ЖШС және мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысының нәтижесі екенін атап өтті.

Жобаның маңызды жетістіктерінің бірі қазақстандық қамту үлесінің 54% қол жеткізу болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға