Қазақстан футбол федерациясы

Қараша айында ұлттық құрама ойыншыларын алаңға кім бастап шығатыны анықталды

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов тағы екі ойында – қараша айында өтетін Бельгия және Фарер аралдарына қарсы кездесулерде құраманы алаңға бастап шығады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Дегенмен Байсуфиновтың өкілеттігі әзірге тек алдағы екі ойынға дейін жалғасады.

Еске сала кетсек, қазан айында ол ұлттық құрамамен екі матч өткізіп, сол ойындарда команда 4 ұпай еншілеген болатын. Енді қарашада Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Бельгиямен, сондай-ақ Фарер аралдарымен жолдастық кездесу өткізеді.

Талғат Байсуфинов 2025 жылдың 30 қыркүйегінен бастап бас бапкер міндетін уақытша атқарып келеді. Оның жетекшілігімен команда қазан айында Лихтенштейнді 4:0 есебімен ұтып, Солтүстік Македониямен 1:1 есебінде тең түсті.

Байсуфинов ұлттық құраманы мұның алдында да екі рет басқарған – 2016-2017 және 2020-2022 жылдары.

Қазіргі уақытта ол ұлттық жастар құрамасы (U21) бапкерлеріне менторлық көмек көрсетіп, ел футболының дамуына үлес қосып жүр.