©El.kz

Қараша айында қазақстандықтар 10 күн демалады

2025 жылғы қараша қазақстандықтар үшін ұзақ мерекелік демалыссыз өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Осылайша 5 күндік жұмыс аптасында еңбек ететін қазақстандықтарды қараша айында 10 демалыс күні және 20 жұмыс күні күтіп тұр.

Ал 6 күндік жұмыс аптасы барлар үшін демалыс тек жексенбі күндері болады – барлығы 5 күн демалыс және 25 жұмыс күні.

Қараша айында мемлекеттік мерекелер мен демалыс күндерінің ауысуы болмайды, сондықтан әдеттегі жұмыс кестесі сақталады – ұзақ демалыстар қарастырылмаған.

Дегенмен, қараша айында бірнеше кәсіби мерекелер аталып өтеді:

  • 5 қараша – Сыртқы барлау күні;
  • 8 қараша – Статистика қызметкерлері күні;
  • 10 қараша – Цифрландыру және ІТ саласы, сондай-ақ бухгалтерлік есеп пен аудит қызметкерлерінің күні;
  • 15 қараша – Қаржы жүйесі қызметкерлері күні және Ұлттық валюта күні;
  • 15 қараша (қарашаның үшінші сенбісі) – Бұрғылаушы күні;
  • 16 қараша (қарашаның үшінші жексенбісі) – Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні;
  • 18 қараша – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні.
  • Бұдан бөлек, 11 қарашада Қазақстанда Энергия үнемдеу күні атап өтіледі.