Жаңалықтар

Қарақшылық шабуыл жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды

Қарақшылық шабуыл жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды
Фото: Бас прокуратура 07.10.2024 20:11 398

Қазақстанның Бас прокуратурасы қылмыстық топтың құрамында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында күдіктіні Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокуратура мәліметінше, күдікті 2015 жылы таныстарымен алдын ала сөз байласып, Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы мейрамханалардың біріне қарақшылық шабуыл жасаған.

Қылмыстың нәтижесінде мейрамханаиесіне 46 млн теңгеден астам материалдық залал келтірілген. Күдіктінің серіктестері қылмыстық жауапқа тартылды, ал күдікті бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланды. Ағымдағы жылдың мамыр айында ол Ресей Федерациясының Ростов облысында ұсталды, содан кейін Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды, - делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Аталған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға