Жаңалықтар

Қарақалпақ ұлтының өнерпаздары Қазақстанда өнер көрсетпек

Қарақалпақ ұлтының өнерпаздары Қазақстанда өнер көрсетпек
Фото: Бейнежазбадан скриншот 05.12.2024 05:24 594

Ақтауда 18 желтоқсан күні «Айқұлаш» қарақалпақ мемлекеттік, ұлттық  фольклорлық  ансамблі қонаққа келіп, әннен шашу шашады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі otpannews.kz-ке сілтеме жасап. 

Музыкалық концерт әлемдік халықтар достығы мен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында ұйымдастырылып отыр. Ән кешінде  қарақалпақ халқының қайталанбас ұлттық биі мен әдемі әуезін тыңдап, тамашалауға болады. 
“Айқұлаш” қарақалпақ мемлекеттік ұлттық фольклорлық  ансамблі 1956 жылы құрылған. Ансамблі  ұжымында  4 өнерпаз бар. Олардың бірі “Өзбекстан және Қарақалпақстан Республикасының халық  әртістері”, екеуі  “Қарақалпақстан Республикасының еңбегі сіңген әртістері” және бірі “Шухрат” медалінің иегері.  

Ансамбль құрамында 9 сазгер, 24 биші ер адам мен 24 биші ару бар.  Ансамбль  ұжымы өз еліндегі барлық  саяси, мерекелік  шалараларда өнерлерін көрсетіп, халқының ықыласына бөленген. 

Ансамбльдің бас балейтмейстрі Өзбекстан және Қарақалпақстан Республикасы  халық әртісі Полат Мадреймов  1989 жылы  Мәскеу  мемлекеттік театр және мәдениет институтын бітірген. Ол ансамбль репертуарындағы   барша  билердің  сахналастырушысы.  

“Айқұлаш” ұжымы 2016 жылы шілде  айында Хорезм облысы, Хиуа қаласында өткен “Би сиқыры” фестиваліне қатысып, марапатталған. 

Сондай-ақ, ансамбль ұжымы Орта Азия мемлекеттері, Рессей және ТМД мемлекеттері, Түркия, Корея Республикасы, Үндістан, Македония және басқа да мемлекеттерде өткен “Би” фестивалдері мен байқауларында өнерлерін көрсетіп жүр. Ансамбль директорының орынбасары А.Алланиязов халықаралық фольклор  фестивалдары және фольклор санатындағы ұйымдастырушыларының халықаралық кеңесінің Өзбекстандағы өкілі ретінде  әр  4 жылда “Фольклор фестиваліне” белсенді қатысып жүрген.

Ансамбльдің бас балейтмейстрі  ұжым репертуарындағы билерді қайта жаңғырту үстінде екен. Оның тынымсыз еңбегінің нәтижесінде ғасырлардың мұрасы болған халық билері дамып, ұлттық 80-ге жуық хореографиялық би  жасақталған. 
Қазақстан және Өзбекстан арасында мәңгілік достық сезімдері мен екі мемлекеттің мәдени байланыстарын нығайту мақсатында бірнеше меморандумға қол қойылған.

Қазақ театрының әртістері мен өнерпаздары да Ташкент пен Нөкіс қалаларында концерт бағдарламаларын  көрсетіп жүр. Міне, енді «Айқұлаш» Қарақалпақ  мемлекеттік, ұлттық  фольклорлық ансамблі Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласында  қарт Каспий  теңізінің бойында өз концертін қоюды жоспарлап отыр.

Концерттік бағдарлама сағат 15:00-де және 18:00-де өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға