21 Қараша 2025, 20:30

Қараман «Астанаға» ауысады, Анарбеков қайда барады?

Қазақстанда ресми түрде футбол маусымы аяқталды. Құрама әлем чемпионатына іріктеу кезеңін Бельгияға қарсы ойынмен тәмамдады. Дегенмен бас бапкер Талғат Байсуфиновтің болашағына қатысты шешім қабылданған жоқ. Одан қалды ел біріншілігінде биылғы маусымның басты жаңалығы деп «Қайсар» клубын айтуға болады. Қызылордалық ұжым жергілікті ойыншылармен ғана өнер көрсетіп, ҚПЛ-да қалды. Жақында жекеменшік клубқа айналып, бас бапкерін ауыстырды. Осы орайда біз бүгін маусымды қорытындылау үшін Қазақстан футбол федерациясының өкілі Қазбек Тайланов пен «Қайсар» клубының баспасөз хатшысы Ерасыл Шәрібекті шақырдық.