Жаңалықтар

Қаракөлдегі аққуларды Қызыл кітапқа енгізудің қажеті жоғы айтылды

Қаракөлдегі аққуларды Қызыл кітапқа енгізудің қажеті жоғы айтылды
Фото: © Pixabay.com 18.01.2024 23:48 921

Маңғыстауға Қаракөл көлінде аққулардың қырылу себептерін зерттеу үшін Алматыдан келген орнитологтар сыбырлақ аққуды Қызыл кітапқа енгізу қажеттілігі туралы өз ойларын білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мамандар құс тұмауын жұқтыру үрдісі  шарықтау шегіне жеткендіктен  қолдан қоректендіру ісін қажетсіз деп танып, оның мүмкін залалы жөнінде мәлімдеді. Бұл туралы орнитологтар, сарапшылар және облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының өкілдері қоғамдық коммуникация орталығының ұйымдастырған көшпелі брифинг барысында айтты. 

Биология ғылымдарының кандидаты, орнитолог, тәуелсіз сарапшы және Қазақстанның құстарды қорғау одағының, сондай-ақ Мензбиров орнитологиялық қоғамының мүшесі Виктория Ковшарь мен  әріптесі Федор Карпов  40 жылдан бері  құстар табиғатын зерттеумен айналысады. Ал Қаракөл көлі 16 жылдан астам уақыт зерттеушілердің жіті назарында. 

Итбалық аралдарында мұз қата бастағанда аққулар Қаракөлге ұшып келеді. Осылайша, Қаракөлде олардың саны едәуір артады. Біздің санаққа сәйкес көл аумағынан  шамамен 18,5 мың аққуды тіркей алдық. Ал қыстың жылымық күндері аққу саны 3,5-4 мыңға дейін кемиді, - деді Виктория Ковшарь.

Қырылған аққулардың басым  көпшілігі — балапандар. Орнитологтар  құстардың жаппай қырылуына құс тұмауымен қоса жаңа туған балапан ағзасының қорғаныс қабілетінің әлсіздігі сеп болатынын айтты . Бұл құбылыс аққулар арасында ғана емес, жалпы құстар мен жануарлардың басқа түрлерінде де жиі кездеседі.

Құстардың жас балапандары қатал маусымдарда аман қалу үшін жеткілікті май қорын жинай алмайды. Егер бұған вирус қосылса, ең алдымен, әлсіреген жас балапандар өледі. Бұл барлық құстар мен жануарларға тән табиғи құбылыс. Яғни табиғи сұрыпталу деп аталады. Өкінішке орай адамдар мұны біле бермейді. Жануар өлгеннен кейін оны жейтін жыртқыш аңдар пайда бола бастайды, - деді орнитолог Федор Карпов.

Орнитологтар ҚР Қызыл кітабына сыбырлақ аққуларды енгізу туралы өз пікірлерін білдірді.  

Әр қыста Маңғыстаудың жағалауында шамамен 50 мың сыбырлақ аққулары қыстайды. Иә, бізде құс тұмауынан аққулардың жаппай қырылуы алғашқы жағдай. Алайда бізде құстардың басқа түрлерінің өлуімен тәжірибе болды. Мысалы, 2015 жылы Солтүстік Каспийде көптеген қызыл кітаптқа енген бұйра пеликандар қырылды.  Ал олардың тұқымдас түрі қызғылт пеликандар аман қалды. Екі жыл бұрын шағала құстарының жаппай қырылуы да тіркелді. Олардың ішінде қарабас өгізшағала мен үлкен қарқылдақ шағалалардың өлімі тіркелді. Ал басқа түрлері аман қалған еді. Бұл жағдай тек біздің аумақта ғана болған жоқ: Каспийдің Ресей жағындағы бөлігінде, Жерорта теңізінде және тіпті Мичиган көлінде құстардың едәуір бөлігі өлді. Ал қазіргі уақытта тек сыбырлақ аққулардың өлімі байқалады. Ал аққудың өзге түрлері дін аман. Оларды Қызыл кітапқа енгізуге келетін болсақ, аққу ерекше күзету мәртебесін қажет етпейді. Біз Қызыл кітапқа саны бойынша алаңдауға тұрарлық жануарлар мен құстарды енгіземіз, - дейді Виктория Ковшарь.

Сарапшылар карантин енгізу міндетті емес деп санайды.  Қаракөл көліне баруға шектеу қойып, үй құстарын вакцинациялау қажет.

Құстардың көші-қонын басқару мүмкін емес. Аққуларлың бір бөлігі ұшып келсе, енді бір бөлігі ұшып кетеді. Алгоритм бар, бірақ ол құс шаруашылығында жұмыс істейді. Біз барлық елді-мекендерде құсқа алдын ала вакцинация жасадық, - деді Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Темірбек Нұртазин.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға