Жаңалықтар

Қарағаны қаласының полициясында ерлік сағаты өтті

Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Қарағаны қаласының полициясында ерлік сағаты өтті
Фото: polisia.kz 13.11.2022 12:55 2465

Қарағанды облысы Полиция департаментінің жауынгерлік және даңқ мұражайында өткен ерлік сағаты ерлікпен қаза тапқандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алудан басталды, деп хабарлайды  El.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

– Біз қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан әріптестерімізді ешқашан ұмытпаймыз. Олардың жасаған ерлігі, атқарған қызметі кейінгі буынға үлгі болуы тиіс. Сондықтан да бүгінгі іс-шараға жас қызметкерлер шақырылып, ерлік жасаған қызметкерлердің жасаған істерін үлгі етіп көрсетудеміз. Бұл жастардың патриоттық сезімін оятып, ертеңгі күні олар да елге адал қызмет етеді деген ойдамын, – деді Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Дәурен Ибраев.

Мұражай директоры Айжамал Айтжанова жас қызметкерлерге іс-шараға арнайы шақырылған «Халықаралық полицейлер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің басшысы, отставкадағы әділет полковнигі Ася Хегай, Ауған соғысының ардагерлері Талғат Хасенов және Қайрат Тылымбаевты, сондай-ақ 2003 жылы ерлікпен қаза тапқан әріптесіміз Алданыш Тайғожиннің анасы Камиля Тайғожина мен 1998 жылы қаза болған Рустам Мажитовтың серігі Виталий Сатановты таныстырды.

– Ешқашан ашумен шешім қабылдамаңыздар. Әр жасаған жұмыстарыңызды барынша ойлап, кәсіби түрде жасауларыңыз қажет. Қызметте адал, берген анттарыңызға берік болуларыңыз керек, – деді Ауған соғысы және Ішкі істер органдарының ардагері Талғат Хасенов.

– Бүгін біз ерлікпен қаза тауып, арамыздан ерте кеткен әріптестерімізді еске алып отырмыз. Ешкім де ешқашан ұмытылмайды. Біз олардың ерлігін ұлықтап, есімін ұмытпауымыз керек. Ал, жас қызметкерлер, сіздер осы ағаларыңыздың жасаған ерлігінен сабақ алып, қызметте абыройлы болуларыңыз керек, – деп ойымен бөлісті Ася Хегай.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға