«Қарағанды.Талдау мектебі» жобасына іріктеу басталды
EL.KZ Информационно-познавательный портал
Қарағанды облысында алғаш рет «Қарағанды.Талдау мектебі» жобасына іріктеу басталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының мәліметінше, жоба жастардың кәсіби құзыреттерін арттыруға, сыни ойлауды және стратегиялық талдау дағдыларын дамытуға бағытталған.
«Қарағанды.Талдау мектебі» жобасының мақсаты: мемлекеттік басқару, әлеуметтік ғылымдар және азаматтық сектор салаларындағы сараптамалық әдістердің деңгейін арттыру, - делінген мәліметте.
Оқыту мерзімі: 2025 жылдың 8 қарашадан-6 желтоқсанға дейін (5 апта), тек сенбі күндері.
Формат: Офлайн.
Спикерлер: Қазақстанның танымал мемлекет қайраткерлері, сарапшылары мен аналитиктері.
Аудитория (21-35 жас)
Кандидаттарға қойылатын негізгі талаптар:
1.Магистр немесе ғылыми дәрежесінің болуы (немесе магистранттар мен докторанттар)
2.Курс бойы сабақтарға міндетті түрде қатысу.
Іріктеу кезеңдері:
Өтінімдерді қабылдау: 4 қараша сағат 19:00-ға дейін!
Әңгімелесу: 5-6 қараша
Қатысу үшін не қажет?
1.Өтінім толтыру
2.Резюме
3.Мотивациялық хат (500 сөзге дейін, жұмыс істейтін 5 бағыттың бірін көрсету)
4.Ұсыныс хат
5.Жарияланған аналитикалық материалдарға сілтемелер (Болған жағдайда)

