Қарағандының бір бөлігі жылусыз қалды
Фото: instagram.com/vk_gazeta
Фото: instagram.com/vk_gazeta
22.12.2022 15:27
1130
Қарағандыда бірқатар көпқабатты үй жылу берудің төменгі режиміне ауыстырылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жол-көлік оқиғасы таңғы сағат 5:30 шамасында Гоголь көшесі мен Спасское тас жолының қиылысында болған. Қала әкімдігі мәліметінше, ауыр жүк көлігінің жүргізушісі тік П-тәрізді компенсатормен соқтығысып, оны зақымдаған. Апат салдарынан қаланың орталық бөлігіндегі үйлер жылу берудің төмен режиміне көшірілген.
«Оқиға орнына жедел жеткен «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС бригадасы құбырдағы диаметрі 1000 миллиметр ақауды анықтады. Ақауды жою үшін тұтынушылар төмендетілген режимге көшіріледі», деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда тегін мұз айдындары ашылды