Қарағандылық құтқарушылар жаппай қан тапсырды
11.09.2025 06:25
Фото:
Төтенше жағдайлар министрлігі
Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «30 игі іс» қайырымдылық акциясы аясында Қарағанды облысының құтқарушылары қан тапсыру шарасын өткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ведомство мәліметінше, құтқарушылар бірнеше жылдан бері донорлық акцияларға белсенді қатысып келеді.
Егер біздің қанымыз біреуге көмектесе алса, біз әрдайым дайынбыз, – дейді ТЖД қызметкерлері.
Осылайша төтеншеліктер акция аясында қан тапсыру арқылы донорлық қорды толықтырып, төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге және қан құюға мұқтаж жандарға нақты көмек көрсетті. Бұл акция құтқарушылардың нағыз жанқияр жандар екенін тағы бір мәрте дәлелдеді — олар тек төтенше жағдайларда ғана емес, күнделікті өмірде де көмек қолын созуға дайын.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

