Қарағандылық құтқарушылар 58 шетелдік азаматты эвакуациялады
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
04.04.2024 12:12
Фото:
Видеодан кадр
Қарағандылық құтқарушылар 58 шетелдік азаматты қауіпсіз жерге жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
3 сәуірде түнде Бұқар Жырау ауданының "Қызылорда - Павлодар" автожолының 987 шақырым ауданында Қарағанды облысы ТЖД күшімен техникалық ақау шыққан автобустан 58 адам (Өзбекстан Республикасының азаматтары) эвакуацияланып, Құрма ауылына жеткізілді.
Медициналық көмек қажет емес.

