Төтенше жағдайлар министрлігі

Қарағандылық құтқарушы әлем чемпионатында екі алтын медаль алды

23.09.2025 07:31

Қарағанды облысында "Алтын Батыр" күштік спорт түрлерінен әлем чемпионатының бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей және Үндістан спортшылары қатысты.

Спорттық додада Қарағанды облысы ТЖД қызметкері, азаматтық қорғау майоры Виталий Ромащенко екі алтын медаль жеңіп алды. Ол штангалық пресс пен экстремалды бицепс жаттығуларында жеңімпаз атанды.