Қарағандылық өрт сөндірушілер газ цистернасының жарылуының алдын алды
24.02.2024 19:41
Фото:
ТЖМ
Қарағандылық өрт сөндірушілер өздеріне қауіп төндіріп, газ цистернасының жарылуына жол бермеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖД күшімен 66 газ баллон қауіпсіз жерге шығарылды.
Сағат 16.19-да. Қарағанды қаласында Қазыбек би атындағы ауданда, автогаз құю станциясында көлемі 6 текше метр болатын металл сыйымдылықтағы газдың жануы орын алды.
Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіру жұмыстары қауіпсіздік ережелерін ескере отырып жүргізілді.
ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылды. Өрт сағат 16.48-де оқшауланып, сағат 16.59-де сөндірілді.
ТЖД күшімен 66 газ баллон қауіпсіз жерге шығарылды.
Өртке қарсы қызмет келгенге дейін контейнерде газ-ауа қоспасының тарсылы болды, кейін жеке құрылымның металл конструкциялары зақымдалған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

