polisia.kz

Қарағандылық ерлі-зайыпты жалған хабарландыру таратумен айналысқан

22.02.2023 18:38

Қарағанды қаласының жас тұрғындары 2022 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан аумағында жиһаз және алтын бұйымдарын сату туралы жалған хабарландырулар орналастыру арқылы интернет алаяқтық жасаған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алаяқтық жасағандарды ақтөбелік полицейлер ұстады. Ерлі-зайыптылар кінәcін мойындады. Олардан банк карталары тәркіленді, онда жәбірленушілердің ақшалай қаражаттары аударылып отырған, сондай-ақ ұялы телефон және SIM карталар табылды.

Айта кетейік, азаматтардың алаяқтық схемаларға тартылуының алдын алу үшін олардың қызметін жарнамалайтын 13 000 интернет сілтемесі мен аккаунты бұғатталды.