Жаңалықтар

Қарағандылық ауыр атлет әлем чемпионатында жеңіске жетті

Қарағандылық ауыр атлет әлем чемпионатында жеңіске жетті
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі 03.04.2023 11:03 1090

Қарағандылық спортшы Никита Әбдірахманов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Ұлдар мен қыздар арасындағы біріншілік Албанияда, Дуррес қаласында өтті. Жарысқа 54 елден 256 ұл мен 248 қыз қатысты. Қарағанды облысынан Қазақстан құрамасына Дарья Балабаюк пен Никита Әбдірахманов кірді – екеуі де медаль жеңіп алды.

Никита Әбдірахманов өзінің жаттықтырушысы Александр Кирюхин мен жанкүйерлердің үмітін ақтады. 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол 369 кг көтерді. Серпіліс – 164 кг, итеру – 205 кг. Нәтижесінде алтын медальға ие болды.

Дарья Балабаюк қола медаль жеңіп алды. Өткен жылы облыстық кешенді спорт мектебінің тәрбиеленушісі ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен қыздар арасындағы әлем чемпионатында серпілісте үшінші орын, ал итеріп көтеруде Азия біріншілігінде екінші орын иеленген болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға